• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:24:14
Алматы
+12°

"Борат-2" фильмі "Алтын Глобус" жүлдесін иеленді. Бұл туралы "Алтын глобустың" Twitter-дегі ресми парақшасы хабарлады.

"Борат-2" фильмі үздік комедия немесе мюзикл номинациясы бойынша "Алтын Глобус" сыйлығының иегері атанды.

Фильмдегі басты рөлді сомдаған актер – Саша Барон Коэн "Мюзиклдегі немесе комедиядағы ең үздік рөл" номинациясын жеңіп алды.

"Борат" – екі бөлімнен тұратын комедия жанрындағы туынды. Фильмнің алғашқы бөлімі 2006 жылы шыққан. Фильм желісі бойынша режиссер әрі бас кейіпкерді сомдаған Саша Барон қазақстандық журналист Бораттың өмірін, сол арқылы Қазақстанды өркениет көшінен қалған етіп көрсетеді. Фильм Қазақстанда үлкен шу тудырғаннан кейін ел аумағында көрсетуге тыйым салынған.

Саша Барон Коэннің өзі фильмде Қазақстан мен шын елдің арасында ортақ ештеңе жоқ екенін мәлімдеген.

"Мен Қазақстанды Америкада ешкім білмейтіндіктен таңдадым. Бұл бізге жабайы, комедиялық және жалған әлем жасауға мүмкіндік берді. Шынайы Қазақстан – қоғамы заманауи әрі мақтануға тұрарлық керемет ел. Бораттың қарама-қарсы нұсқасы" деген болатын актер.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Борат-2

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір