28 Ақпан, 2021 Фото-архив
Фото: qamshy.kz
Бүгін сағат 12:00-ден бастап Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында Демократиялық партия бастамашыл тобы және "Басе" youtube арнасы митинг өткізіп жатыр. Қамшы тілшісі оқиға орнынан фоторепортаж дайындады.
Алаңға шыққан азаматтар "Әр жанұяда баспана болсын", "Ата-бабамның жерін Тоқаевқа саудаға салдырма", "Халыққа жеңілдік жасалсын", "Орынды талаптар орындалсын", деп ұрандатты.
Полиция мен арнайы жасақ наразы топты спорт сарайының алдына жібермей, Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында қоршап тұр.
"ОМОН-дар қабырғамды сындырды" деген белсенді әйелді жедел жәрдем алып кетті.
– Мен қазір демала алмай тұрмын. ОМОН-дар бір емес екі рет басып кетті, – дейді белсенді әйел жедел жәрдем көлігіне кетіп бара жатыр.
Өзін "көпбалалы анамын" деп таныстырған әйел митингке шыққан белсенділерді тарауға шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір