• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 11:00:05
Алматы
+12°

Депутат Бекболат Тілеухан мәжілістің жалпы отырысында шет мемлекеттерде қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға қатысты ұсыныс айтты.

– Көші-қон процестерінің жағымсыз тұстары да бар. Кейде адамдар өкінішке орай, қылмыс жасап, жазасын бөтен елде өтеп жатады. Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы жасалған шарт сотталған адамдарды өз отанында жазасын өтеу үшін екі мемлекет арасында беру мүмкіндігіне байланысты мәселелерді реттейді.

Басқа елде жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айырылған азаматтарымыздың жазасын өздеріне жақын қоғамдық ортада өтеу мүмкіндігі адамда болуға тиіс. Елден тыс жерде қамауда отырған кезде олар жақындарымын кездесу қып-қызыл шығын. Екіншіден, керек-жарақтарды жеткілікті мөлшерде алу мүмкіндігінен айырылып отырады. Бөтен ортада жүргенде тілдік кедергілерге тап болады. Бұл – өте ауыр жағдай. Осы шарт сотталғандарды беру үшін жағдай жасауға бағытталған барлық ықтимал шараларды толық көлемде қамтиды. 

Бірінші кезекте азаматтарымызға жасазын өз отанында өтеуге мүмкіндік береді. Бүгін қарастырып отырған заң жобасында ізгілікті қағидаттарын іске асыруға сотталған адамдарды қоғамға аман-есен қайта бейімдеу үшін жағдай жасауға ықпал ететініне күмәнім жоқ, – деді депутат Б. Тілеухан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір