• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:33:06
Алматы
+12°

Әп-сәтте қасапшы болып кеткен жұмысшылардың қылығы әлеуметтік желі қолданушыларын қатты ашуландырды. Ал құрылысшылар құрбандық шалдық деп ақталып әлек.

Олжас Есеналин, құрылыс нысаны аумағының басшысы:

- Қиын болғанда мұсылмандар құдайдан ғана көмегін сұрайды. Құрылыспен қиын болған да, адам болмаған да. Құдайдан сұрап, ойымыз сол болды ғой. Астанада қазір құрбан шалу, жетім-жесірге көмек көп. Бүкіл етті өзімізге қалдырмай, таратып жібердік. Краншыға өзім айттым, "көтеріп жібер" дедім. Енді ондай болмайды.

Сиырды төбеге көтеруді қызық көрген Олжас Есеналин жануарды 300 мың теңгеге шаруа қожалығынан сатып алыпты. Үйдің төбесінде құран оқып бауыздағаннан кейін, оны жерге қайта түсіріп сойған. 250 келідей ет алған құрылысшы, "бес-бес келіден мұқтаж адамдарға ет тараттық" дейді. Кімге таратқанын сұрадық, ол мүдіріп қалды. Бейнекадрға салынып жатқан үйге көрші тұратындар түсіріп үлгерген. Әуесқой түсірілімнен сиырды кранмен көпқабатты үйдің төбесіне көтеріп жатқаны анық көрінеді. Төрт аяғы жіпке байланған байғұс жануар жұлқынып жатыр. Құрылыс елорданың сол жағалауындағы жаңа теміржол вокзалының артында жүргізілуде. Жануарға жауыздық жасаған құрылысшының қандай жазаға тартылатынын полиция департаменті әлі шешпепті.

Эльмира Шәуленова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Оқиға биыл 15 ақпанда сағат 11:30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған. Полиция қызметкерлері аталған оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Факті бойынша тексеру жүргізілуде. ҚЗ заңына сәйкес шара қолданылады.
KTK.KZ
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сиыр кран құрбандық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір