14 Ақпан, 2021 Барлық аймақтар
neonomad.kz
Әскери қызметкер Шымкентте қызды зорлақтан құтқарып қалған, деп хабарлады zakon.kz.
Кезекті еңбек демалысында жүрген Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлім сарбазы 13 ақпан күні сағат 00:40 шамасында Жібек жолы көшесінің бойында келе жатып, кенет қыздың шыңғырған даусын естіген. Дереу сол орынға жетіп барған ол екі бірдей ер азаматтың қызды жабылып зорлағалы жатқанын көрген.
Ойланбастан қызға араша түсуге ұмтылған оған әлгі екеуі тап береді. Дегенмен сарбаз біреуінің қолын қайырып үлгереді, алайда екіншісі сол сәтті пайдаланып қашып кеткен. Артынша оқиға орнына 102 полициясының экипажы шақырылып, ұсталған адам Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізіледі.
– Қыздың дауысын естігенде мен дереу сол жерге бардым. Менің орнымда болса кез келген адам дәл осылай жасаған болар еді деп ойлаймын, – деді Артем Калашников.
Күдіктілерді ұстау барысында Артем қолын жарақаттап алған, бірақ соған қарамастан ол полиция келгенше, ер адамды қимылдатпай ұстап тұрған.
Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, екінші күдіктіні ұстау жоспары жарияланды, деп толықтырды департамент.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір