12 Ақпан, 2021 Барлық аймақтар
lenta.inform.kz
Қоқыс үйіндісінің астында қалып кеткен ер адамның денесін құтқарушы қызметкерлері алып шықты, деп хабарлады zakon.kz
Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз қызметі 11 ақпанда сағат 14:50- де кезекшінің шұғыл басқару пультіне көмек сұраған адамнан қоңырау келіп түскенін хабарлады.
- Алатау ауданында орналасқан "Кенжехан" базарының артында тазалау жұмысын атқарып жатқан ер азамат оқыстан құлап, қоқыс үйіндісінің астында қалып кеткен. Құтқару қызметіне қоңырау келіп түскеннен кейін шұғыл түрде 12 адамнан жасақталған құрам дереу оқиға болған орынға жұмылдырылды, деп хабарлады құтқару қызметі.
Өкінішке қарай, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Құтқарушылар қоқыс үйіндісінен оның денесін алып шықты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір