• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:46:57
Алматы
+12°

Ресейлік Росатом компаниясы қауіпсіздік мен экологиялық тазалыққа кепілдік бере отырып, Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын қолға алуға дайын. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Комсомольская правда в Казахстане" басылымына берген сұхбатта айтты.

Қазақстан да әлемдегі өзге мемлекеттер сияқты таза энергетикаға мұқтаж. Атом электр станциялары – бұл саладағы тиімді шешімдердің бірі. Электр энергиясының ықтималды тапшылығын ескере отырып, АЭС салу Қазақстан үшін аса өзекті тақырыпқа айнал барады. Росатом станцияның қауіпсіздігі мен оның экологиялық тазалығына кепілдік бере отырып, осы жобаны қолға алуға дайын. Ресейлік бейбіт атомға қатысты бұрмаланған баспасөздегі фобия шындыққа сай келмейтінін ерекше атап өтікм келеді. Ресейлік атом электр станцияларында қолданылатын ең заманауи технологиялар құрылыс кезінде де, осы нысандарды пайдалану кезінде де риск болмауын қамтамасыз етеді. Таза электр энергиясынан басқа, АЭС жобасы қазақстандық экономиканың көптеген салаларына серпін беріп, білікті жұмыс орындарын құрып, ядролық физика саласындағы жоғары білім сапасын арттырады.

Алексей Бородавкин сондай-ақ сұхбат барысында "Қазақстандықтар орыс тілін меңгеру деңгейін нығайтуға күш салып, оған балаларын тереңдетіп үйреткені жөн" деп мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір