• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:45:13
Алматы
+12°

Фото: ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

10 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында саяхатшы қар көшкінінің астында қалып қойып қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласы Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп, демалушылардың бірін қар басып қалған.

– Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологтармен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен дереу көмекке  шықты. Құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты. Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүргішпен қосымша жұмылдырылды, – деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. 

Сайт мәліметінше, күннің бұлтты болуы мен түтек бораннан тікұшақ сағат 16:23-те мәжбүрлі түрде қонған. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып, қар астында қалған 1979 жылы туған ер адамның денесін алып шыққанын хабарлаған.

11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы, 1 криминалдық полиция сарапшыларынан тұратын топ және 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кеткен.

Бұған дейін, төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір