• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:41:58
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Наурыз мейрамын отбасымен қарсы алуға кеңес береді, деп хабарлады орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері жаңажылдық мерекелерден кейін ауру күшейіп кеткенін еске салып, мереке кезінде санитарлық ережелерді ұстанып, бетперде тағып, ара қашықтықты сақтап, көп адам жиналатын жерге бармаған жөн екенін ескертті.

– Бүкіл дүниежүзінде эпидемиологиялық жағдай қиын. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық бұқаралық іс-шараға тыйым салынған. Наурызда қосымша шектеу шараларын енгізу өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Әр өңірдің бас санитар дәрігері қаулы шығарады. Бәрі қалыпты болса, жұмысымызды осы қалыпта жалғастырамыз. Бірақ ешқандай бұқаралық шаралар өткізілмейді. Әркім өз отбасында тойлауы керек, – деді ДСМ вице-министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір