• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:29:29
Алматы
+12°

Мьянма полициясы әскери төңкеріске қарсы жалпыұлттық ереуіл өткізіп жатқан жұмысшыларға мұздай су  шашты.

Мыңдаған адамның көшедегі наразылық акциясы үшінші күнге жалғасып, сайланған лидер Аун Сан Су Чжиді босатуға және демократияны қалпына келтіруге шақырады.

Бұл – Мьянмада соңғы он жылдан астам уақыттан бері болған ең үлкен наразылық акциясы.

Өткен аптада әскерилер сайлаудың жалған болғанын айтып, билікті басып алды.

Олар Мьянмада бір жылға төтенше жағдай жариялап, билік бас қолбасшы Мин Аунг Хлаинге берілді.

Су Чжи ханым және оның Демократия үшін Ұлттық Лигасы партиясының (NLD) жетекші басшылары, оның ішінде президент Вин Минт үй қамағына алынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мьянма

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір