07 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: egemen.kz
Филология ғылымдарының кандидаты Тоқтар Әлібеков өмірден озды, деп хабарлады Егемен Қазақстан сайты.
Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының текстолог-ғалымы Тоқтар Әлібеков сирек қорларда сақталған ғылыми, әдеби шығармаларды құрастырып, жарыққа шығарған.
Бүгінге дейін ғалымның жеке, өзге де зерттеушілермен құрастырған, жауапты редактор ретінде жетекшілік еткен 150-ге жуық ғылыми жинағы елдің барлық кітапханаларындағы оқырмандардың, жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми ортаның игілігіне айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған "Бабалар сөзі" 100 томдық сериясын баспаға дайындап және құрастыруға қатысқан ғалымдар тобы жетекшілерінің бірі (2010-2013) болды. Осы ғалымдардың тынымсыз еңбегі мен уақытпен санаспай жұмыс істеуінің арқасында сериялы кітап, мерзімінен бір жыл бұрын жарыққа шықты.
Ғалымның қалам тартқан тақырыптары аз емес. Ол "Абайтану" саласына да мән беріп, ақынның "Қара сөздер" (2007), 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында тұңғыш рет жарық көрген "Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі" жинақтарының өңделіп, қайта басылуына, ол туралы "Абай және ұлттық идея", "Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіші (1988-2006)", "Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті", "Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы" сынды зерттеу еңбектерін баспаға дайындады. Сондай-ақ Абайдың әдеби мұраларына қатысты текстологиялық зерттеулер жазды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір