• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 04:58:52
Алматы
+12°

Президент, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Нұрлан Ермекбаев Тоқаевқа Қазақстан армиясының заманауи қару-жарақтармен және техникамен жабдықталуы, инфрақұрылымдық  дамуы, цифрландырылуы, ақпараттық қауіпсіздіктің  қамтамасыз етілуі және бітімгершілік бөлімдердің дайындығы туралы айтты.

Қорғаныс министрі дамыған мемлекеттер армиясының құрылымына жасалған талдау жұмыстарын ескере отырып, Қорғаныс министрлігі "Армияны жаңғырту" жобасын ұсынатынын хабарлады. Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы армияның әскери әлеуетін арттыруға, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар ол президентке бейбітшілікті қолдау операцияларына қатысатын әскери қызметшілердің дайындығы туралы ақпарат берді.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында БҰҰ миссиясы бағытындағы қызметте мейлінше сұранысқа ие әскери-медициналық, инженерлік, барлау және әскери полиция сияқты бөлімдердің дайындығы пысықталуда.

Кездесу соңында жоғарғы бас қолбасшы Қарулы Күштердің әскери әлеуетін арттыруға және қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, оларды сапалы дамытуға, армияны жабдықтауға, Қазақстанда қару-жарақтың бірнеше түрін шығаратын қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ, Қарулы Күштерді цифрландыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір