• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:47:12
Алматы
+12°

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары Зарина Камасова және Ғалымжан Елеуов бүгін коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпараттық хабарламада мәжіліс депутаттары вакцинаның бастапқы кезеңінен өздерінің медициналық әріптестерімен қатар алғашқылардың бірі болып өткен. Олар VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары болып сайланғанға дейін індетпен күрес шеңберінде аймақтарда медициналық мекемелерде жұмыс істеген.

Депутаттар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тез қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

– Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатынын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені, ол менің де, туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты, – деді мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов.

Депутаттар екпе енгізілгеннен кейін денсаулықтарының бірқалыпты екендерін айтты.

Мәжілістің баспасөз қызметі қалған депутаттарды вакцинациялау наурыз айында денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізілетінін мәлім етті. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясымен ауырғандықтан, жеткілікті антиденелер бар екені хабарланып, оған екпе салдыруды қажет ететін медициналық көрсеткіштер жоқ екені хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір