• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:25:51
Алматы
+12°

Нәсілдік әділетсіздікке қарсы күресу үшін бүкіл әлемдегі адамдарды шеруге алып шыққан "Black Lives Matter" (қазақша: қара нәсілділердің өмірі маңызды) қозғалысы Нобель сыйлығына ұсынылды. Номинацияны ұсынған норвегиялық депутат Питер Эйде CBS News телеарнасына не үшін олай істегені туралы айтты.

"Black Lives Matter – нәсілдік әділетсіздікке қарсы күресетін әлемдегі ең ірі және ең күшті қоғамдық қозғалыс деп санаймын" деді 61 жастағы Эйде CBS News телеарнасына.

– Әлемде нәсілдік әділетсіздікті, сондай-ақ теңсіздіктерді, этникалық және мәдени айырмашылықтарды негіз еткен қақтығыстар көбейіп бара жатыр. Нәсілдік мәселелер бойынша білім мен түсінікті  қалыптастыру өте маңызды деп санаймын,– деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір