29 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанның сегіз өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша әлі де "қызыл" аймақта тұр.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 6 облыс пен 2 қала әлі де "қызыл" аймақта. Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары "қызыл" аймаққа енді.
"Сары" аймақта тек – Қарағанды облысы бар.
Ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта.
Елде 183 999 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 2 527 адам қайтыс болды, ал 47 717 адам пневмонияға шалдықты, 564 адам көз жұмды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір