• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:06:20
Алматы
+12°

"Отбасы банкі" бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақының шекті мөлшерін алуға келіп түскен өтініштердің қаншасы мақұлданғаны туралы ақпарат жариялады.

Банк ақпаратынша, қазіргі уақытта 22 300 адамның біржолғы зейнетақы төлемдерін алу туралы өтініштері мақұлданған.

"Отбасы банкі" 23 қаңтардан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосқан. 

Өтінімді ноутбук/компьютер арқылы жолдауға болады. Смартфон арқылы өтінім берілмейді. Өтінімді жолдау үшін ЭЦҚ болуы керек.

2 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойған.

Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін төмендегідей мақсаттарға пайдалана алады:

♦ Кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде немесе акт болған кезде көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шарт жасасу кезінде;

♦ Жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда жеке тұрғын үй салу үшін толық есеп айырысу кезінде;

♦ Ипотека алу, тұрғын үйді сатып алу, берешекті өтеу, банктер арқылы ипотеканы қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна ретінде;

♦ Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі бойынша жер учаскесін сатып ала отырып, тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға арналған ипотека бойынша берешекті алу, қайта қаржыландыруды өтеу кезінде;

♦ Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде үй сатып алу және осындай қаржыландыру бойынша берешекті өтеу кезінде;

♦ Тұрғын үй құрылысы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен берілген баспананы ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті өтеу үшін пайдалануына рұқсат етіледі.

Жинақтың бір бөлігін пайдалану үшін қордағы жиналған сома азаматтардың жас ерекшелігіне қарай белгіленген шектен асуға тиіс. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір