• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:00:39
Алматы
+12°
 
2021 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласындағы "Көктөбе" телемұнарасында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшу бойынша іс-шара өтеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Бүгінгі таңда цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі барлық облыс орталықтарында және бірқатар облыстарда қол жетімді: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласы толықтай көшіп қойған.
 
Енді 1 ақпанда Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысын толық көшіру жоспарланып отыр.
 
Сонымен қатар биыл 1 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысын цифрлық эфир форматына көшіру көзделген.
 
Бүкіл Қазақстан бойынша аналогтық телехабар тарату желісін өшіру үшін 827 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, модернизациялану керек. Қазіргі уақытта 546 радиотелевизиялық станция іске қосылды. Соның нәтижесінде ЦЭТВ-ның қамту аумағы ел халқының 91 пайызын құрап отыр. Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін енгізу жобасы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. ЦЭТВ-ге көшудің мерзімдері мен кезеңдерін ҚР мемлекеттік құзырлы орган бекітеді.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір