• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:12:47
Алматы
+12°

26 қаңтарда, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Ертең, яғни 26 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны "Қазмедиа орталығынан" дер кезінде таратуға мүмкіндік алады" делінген желідегі жазбада.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір