25 Қаңтар, 2021 NEWS
Бокстан 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимовтың үстінен арыз түсті.
Азаматтық белсенді Жанболат Мамай жетекшілік ететін "Демократиялық партия" бастамашыл тобының белсендісі Әйгерім Тілеужан 25 қаңтар күні заңгер Ерлан Қалиевпен бірге қазіргі депутаттың үстінен арыз түсіруге баратынан facebook парақшасында жазған болатын.
Айтылғандай, бүгін таңертең азаматтық белсенді заңгерімен бірге Алматы қалалық полиция департаментіне арыз тапсырып, оны тікелей эфир арқылы көрсетті. Әйгерім Тілеужан департаменттен бөлек олимпиада комитетіне арыз тапсыратынын мәлімдеді.
Бұған дейін сайлауға бойкот жариялап 10 қаңтар күні алаңға шығып, арнайы жасақ қоршауында болған "Демократиялық партия" бастамашыл тобын сабырға шақыруға тырысқан Ермахан Ибраимов наразы топпен жанжалдасып қалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір