• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:51:34
Алматы
+12°

Көлік жүргізушілері жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты өзімен бірге алып жүрмесе де болатын күн алыс емес. Сенаторлар осыған қатысты тиісті заң қабылдады.

Соған сәйкес полицейлер жүргізушіде құжаттардың бар екенін деректер базасы арқылы тексереді. Ол үшін өзіңмен бірге жеке куәлігің болса жеткілікті.

Осы норма бойынша енді аталған құжаттарды өзімен бірге алып жүрмеген жағдайда салынатын айыппұлдар да жойылады.

– Мемлекет басшысының реформаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету – парламенттің басты міндеті. Президентіміз атап өткендей, қоғамды алаңдатқан мәселелер парламентте талқылануы қажет. Парламент өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуға тиіс. Сондықтан әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек, – деді Мәулен Әшімбаев.

Алайда мына бір жайтты ескеру керек. Егер жүргізуші шетелдік номері бар көлікпен жүрсе немесе жүргізуші куәлігін шетелден алса, жоғарыда аталған құжаттарды өзімен бірге алып жүруге міндетті. Себебі, қазақстандық полицейлер үшін шетелдік деректер базасы қолжетімсіз.

Заң қол қою үшін мемлекет басшысына жіберіледі.

Бұған дейін президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырыстарының бірінде көлікті құжатсыз жүргізгені үшін жауапкершілікті алып тастау туралы тапсырма берген еді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Цифрландыру Сенат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір