• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:14:51
Алматы
+12°

Нұрсұлтан Назарбаев "Единая Россия" бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады. 

Дмитрий Медведев елбасыны парламент мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының айқын жеңіске жетуімен құттықтады. Сондай-ақ ол дауыс беру нәтижелері жалпыұлттық сенімді және партияның елді өркендетуге бағытталған стратегиялық бағдарын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті. 

Елбасы сайтының мәліметінше, Назарбаев Медведевке жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық және одақтастық қатынастарының рухы мен мазмұнына сай келетін "Nur Otan" мен "Единая Россия" партияларының арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екеніне тоқталған.

Тараптар алдағы уақытта да екі елдің басты партиялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және кеңейту жөнінде пікір білдірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір