13 Қаңтар, 2021 NEWS
Getty
Астрономдар алғаш рет құрып бара жатқан галактиканы анық көре алды. ID2299 галактикасын және оның жойылуын анықтаған зерттеушілер тобы өздерінің қорытындыларын дүйсенбіде Nature Astronomy журналында жариялады.
Ғалымдардың айтуынша, тоғыз миллиард жарық жылы қашықтықтағы ID2299 галактикасы жаңа жұлдыздар қалыптастыратын маңызды суық газды өте жоғары жылдамдықпен жоғалтып жатыр. Галактика қазірдің өзінде жалпы суық газдың жартысына жуығын жоғалтқан. Ал қалған газдар Құс жолына қарағанда жүз есе жылдам қарқынмен жаңа жұлдыздар түзуге кетіп жатыр.
Мұндай қарқынмен галактикада жақын арада артық газ таусылып, жаңа жұлдыздар қалыптаспайды. Галактика үшін бұл "өмірінің аяқталуы" деді астрономдар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір