11 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстан халқы ассамблеясының шақырылымында зейнетке шығатынын мәлімдеді.
– Болды, рахмет. Кейбіреулер мені үнемі зейнетке шығаратын, енді кетемін. Мен оны тіпті Facebook-те жарияладым. Болашақта не істейтінімді әлі білмеймін, бірақ менің жеті немерем бар, сондықтан істейтін дүние табылар,– деді Божко.
Божко президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге алғысын білдіріп, 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заңдар қабылданғанын атап өтті.
"Қабылданған заңдарға сәйкес екі триллионға жуық теңге жалақыны, әлеуметтік жәрдемақыны тікелей азаматтарымыздың қалтасына түсірдік. Мен бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын" деп түйіндеді Божко.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір