09 Қаңтар, 2021 Барлық аймақтар
Алматы маңында жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде болған.
Фото: BNews.kz: UGC
Алматыдан 65 шақырым жерде жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде болған. Жер сілкінісі 9 қаңтарда сағат 9.18-де болды.
Магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 5 шақырым.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір