03 Қаңтар, 2021 NEWS
Фото: «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы
«Nur Otan» партиясы Қордай аудандық сайлауалды штабының мүшелері мен облыстық және Қордай аудандық мәслихатына кандидаттар Ауқатты ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті.
Аудандық сайлауалды штабы төрайымының орынбасары Руслан Нұрсипатов бастаған үгіт-насихат тобы Аухатты ауылы тұрғындарына ең бірінші партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
Аталған бағдарлама арқылы Ауқатты ауылының көшелері толық асфальтталған. Елді мекенді газдандыру жұмыстары да толық аяқталып, аухаттылықтар көгілдір отынның игілігін көре бастады. Тұрғындардың сұрауы бойынша ауылдық №9 орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, толықтай жаңартылған білім ордасы халық игілігіне берілді.
Кездесуде сайлауалды штабының мүшелері таныстырған «Nur Otan» партиясының Қордай ауданын дамытудың сайлауалды бағдарламасы ауыл тұрғындарының көңілінен шықты.
– Сайлауалды бағдарламаға сай ауылда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау есебінен 385-тен астам жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл шаралар өндіріс көлемін 807 миллион теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда саладағы қолдау нәтижесінде ауыл округтердегі 1 аулаға кіріс ағымдағы жылы 104 мың теңгеден болса, 2025 жылы 209,1 мың теңгеге көбейеді, - деді кандидат Лугмар Буларов.
Ауыл тұрғындарыда өз тараптарынан партияның мұрындық болуымен атқарылған жұмыстарға разылығын білдірді.
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір