• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:16:39
Алматы
+12°

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтың бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндірді.

Қор мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 761 мыңнан астам жұмыс істейтін салымшы жалпы көлемі 2,4 трлн теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану құқығын қолдана алады. Жинақтардың жеткіліктілік сомасынан асатын орташа сомасы шамамен 3,2 млн. теңгені құрайды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен, өз жинақтарын тексеріп, жеткіліктілік шегінен асатын қажетті соманың бар екеніне көз жеткізуге тиіс.

Зейнетақы жинақтарын алу туралы шешім қабылдаған адамдар тұрғын үй сатып алу және емделу мәселелері бойынша уәкілетті операторға жүгіне алады, оны Үкімет айқындайды.

Салымшы зейнетақы жинақтарын мақсатты қажеттіліктерге алған кезде жеке табыс салығын төлеу тәсілін таңдау құқығына ие болады (жарналар аударылған кезде ЖТС алынбағанын ескертеміз). Яғни азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қалдыруды таңдаса болады не тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеуге арналған жинақтарын алған кезінде ЖТС-ты толық көлемде өтей алады.

"Зейнетақы жинағы арнайы шотта 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жатады. Осы мерзім ішінде жинақ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға немесе салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс" делінген ресми хабарламада.

Ал зейнетақы жинағының бір бөлігін сенімгерлік компанияның басқаруына беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға қажетті құжаттармен бірге өтініш жазады. Оны жеке өзі апарып береді, я болмаса, enpf.kz интернет-ресурс арқылы электронды цифрлық қолтаңбамен жібере алады. Бұдан бөлек, зейнетақы жинағын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу шараларына жұмсауға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір