• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:39:21
Алматы
+12°

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жыл басынан бері қор салымшыларының зейнетақы жинақтары 18%-ға артқанын мәлімдеді.

Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомаға зейнетақы жинақтары салынған. 2020 жылдың басынан бастап, яғни 18%-ға ұлғайған.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы:

  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - 12,4 трлн теңге (2020 жылдың басынан бері өсім 18% құрады);
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 309,6 млрд теңге (өсім 26% құрады);
  • ерікті зейнетақы жарналары – ЕЗЖ - 2,2 млрд теңге (өсім 11%).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсанға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,13 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 531 млрд теңгеге (өсім 88%) артық.

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады (жыл басынан бері өсім 10% құрады).

Оның ішінде:

  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша – 10 984 130 (өсім 11%);
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша – 526 111 (өсім 3%);
  • ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша – 57 211 (өсім 5%).
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір