25 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар
Фотода Саламат Өтегенов отбасымен
Ішкі істер министрлігінің Алматы қалалық академиясында өзіне қол жұмсаған 19 жастағы Саламат Өтегеновтың анасы Бекзат Иманғалиева ұлының өлімі туралы баспасөз бетінде айтқаннан кейін өзіне басқа академияда оқитын курсанттарың ата-аналары хабарласа бастағанын жеткізді. Қара жамылған әйелдің айтуынша, хат алмасып жатқан ата-аналар оқу орнындағы қысым туралы сөз қозғаған, деп хабарлады
"Уральская неделя" басылымы.
– Менің ұлым туралы мақала жарияланғаннан кейін маған ІІМ академиясындағы курсанттардың тағы екі ата-анасы what'sApp-қа жазды. Олар балаларының қай академияда оқитынын айтпады, бірақ жазғандардың бірі баласының қысым салдарынан ІІМ академиясынан шығып кеткенін жеткізді. Екіншіден, оның баласы оқып жатқан академияда да курсанттардан қаражат жинау фактілері болғанын айтты, – деді ол.
Бекзат Иманғалиеваға жазған ата-аналар аты-жөнін атамауды сұрап, журналистермен сөйлесуге келісім бермеген.
Естеріңізге сала кетейік, 13 желтоқсанда ІІМ Алматы академиясының курсанты 19 жастағы Саламат Өтегенов асхананың қосалқы бөлмесінде асылып қалған. Марқұмның туыстары жігіттің ІІМ Алматы академиясында оқуының толық тарихын айтып, мекеме қабырғасында үнемі ақша жинау деректері болғанын мәлімдеді. Саламат қайтыс болғанға дейін үлкен ағасынан ақша сұраған.
Мақала жарияланғаннан кейін келесі күні ІІМ Алматы академиясының бастығы Өмірбай Смайылов қызметінен босатылды. Онымен бірге атқарып отырған қызметтерінен тағы 6 қызметкер босатылды, ал оқу орнына тексерумен министрліктің ішкі аудит, кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері жіберілді. Келесі жылдың басынан бастап ІІМ-нің барлық оқу орындарында осындай тексеру жүргізілмек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір