• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 15:13:56
Алматы
+9°

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың негізі әлеуметтік проблемада жатыр. Бұл туралы ADAL партиясының мүшесі, журналист Мақсат Толықбай "Qazaqstan" телеарнасында өткен теледебатта айтты.

– Пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық өте көбейді. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, біздегі қылмыстың 78 пайызы жұмыссыздықтан болады. Тағы әлеуметтік проблемаға келіп тірелеміз. Жұмыс орындарын көбейтуіміз керек. Бізге өндіріс керек. Шикізаттан арылу керек.

Әйелдерге еркектердің қол көтеруінің себебі, психологтардың айтуынша, ішімдікке салынудан болады. Адам ішімдікке неге салынады? Тағы сол әлеуметтік проблема, – деді Толықбай.

Сондай-ақ ол полиция пара алмау үшін олардың жалақысын көтеру керек екенін атап айтты.

–  Екінші мәселе – заңның әділ сөйлемейтіндігінде. Қаншама жыл журналистика саласында келе жатырмын ғой. Бізде прокуратурадан, соттан, тергеушілерден әділдік көрмеген адамдар ең соңғы келетіні журналистер болып қалды. 

Ішкі істер органдарының өзі – бізде ең жемқор саланың бірі. Халық полициядан шошиды, керісінше ол сенің қорғаушың болуың керек қой. Сондықтан бірінші кезекте осы салаға білікті мамандар келу үшін, қылмыс ашылу үшін, полиция пара алмау үшін олардың да жалақысын көбейтуіміз керек. Қанша идея айтсақ та, жемқорлықты жоймай ештеңе жүзеге аспайды. Басты мәселе жемқорлықта болып тұр.

Біздің ADAL партиясы бізді министрліктер 30 жылда жасай алмаған керемет платформа ұсынады. Ол жерде жемқорлыққа, қылмысқа қатысты арыз жаза алады. Сол арыз бес секундта өңірдегі кандидаттың жеке кабинетіне келіп түседі, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір