• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 15:49:25
Алматы
+35°

Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Tesla-ны Apple компаниясына сатпақ болған. Бірақ ұялы телефон шығаратын алпауыт фирманың бас директоры Тим Кук кездесуден бас тартқан. 

Маск Tesla Model 3 электромобилін жасау кезінде қаржылық қиындықтарға тап болған Tesla-ны Apple-ге сату мүмкіндігін талқылауды жоспарлағанын айтты.

Сол кезде Тесла 60 миллиард долларға бағаланған болатын, бірақ қазір ол құннан 10 есе асып түсті.

"3-модель бағдарламасының қиын қыстау күндерінде мен Тим Кукке Apple-дің Tesla-ны сатып алу мүмкіндігін талқылау үшін хабарластым (қазіргі құнымыздың 1/10 бөлігіне). Ол кездесуден бас тартты" деп жазды Маск Twitter парақшасында.

Бір қызығы, Reuters ақпаратына сәйкес, Apple компаниясы 2024 жылға қарай өзі басқарылатын электромобиль жасауды жоспарлап отыр.  "Бұл Tesla компаниясына бәсекелес болуы мүмкін" дейді сарапшылар.  Ал, Масктың Twitter-дегі жазбасы Apple компаниясының жаңа жобасы туралы ақпарат жарияланған соң пайда болды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск Apple

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір