29 Қазан, 2020 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бүгінде «жасыл экономика» термині жиі қолданысқа ие. Бұл бағдарға бет бұру ел экономикасы мен тұрғындардың тұрмысын салмақтай отырып, қоршаған ортаның жақсаруы мен дамуына серпін болып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында «жасыл» экономикаға ерекше толталып, саланы мейілінше ілгерілету керегін атап өтті. Сондай-ақ, Президент қазірдің өзінде көміртегінің үлесін барынша азайтып, Үкіметке «жасыл өсім» жөніндегі ұсыныстар жиынтығын әзірлеумен қатар елдегі орманды алқаптарды көбейту үшін 2 млрд ағаш егуді тапсырған еді.
Жасыл экономикаға көшу, ең алдымен, Алматы секілді үлкен қалалар үшін маңызға ие. Себебі халқы тығыз орналасқан ірі қалалардың экологиялық жағдайы күн кезегінде тұрған мәселелердің бірі болып есептеледі. Алматы қаласында жасыл қорды ұлғайту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Аталмыш қалада «жасыл Алматы» бағдарламасын жүзеге асыру басталған болатын. Жобаға бойынша үш жыл ішінде миллион ағаш отырғызылу көзделген. Бағдарлама негізінде 2019 жылы 135 мың ағаш егілсе, биыл оның саны 282 мыңды шамалаған. Ал көгалдандыру алаңы да өткен жылмен салыстырғанда 1 шаршы метрге жуық ұлғайған.
Осы тұрғыда биылдың өзінде Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы қаладағы экоахуалды жақсарту бірнеше істердің басын қайырып үлгерген. Мысалы, аталмыш басқарма жыл басынан бері жасыл экономиканы дамыту жолына 3 млрд 447 млн теңге қаржы бөлген. Ең көлемдісі – «Саңыраулар коғамы» екен.
Шаһардағы экоахуалды жақсарту жұмысы бойынша 27 қазанда Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы қызметкерлерінің бас қосуы өткен. Жиналыстың мақсаты Абай даңғылымен Достық пен Байтұрсынов көшесіне дейінгі аймақтағы ағаштардың жағдайын зерттеу болатын. Зерттеу нәтижесінде көше бойында 306 ағаш, оның 254 – қылқан жапырақты, 26 – жапырақты, 24 – жемісті ағаштар және 2 – бұталар екені анықталған. Аталған аймақта орналасқан ағаштардың жағдайы жарамсыздары бар екені белгілі болған. Жол бойындағы 306 ағаштың қураған 47-еуі кесіліп, 23-і басқа аудандарға жөнелтілген.
Сондай-ақ «ECO FUND TABIGAT» жекеменшік қоры «Алматы қарағайлы орманы» жобасын іске асырмақ. Оған қала тұрғындары да қатыса алады. Жоба аясында Алматы қаласы Алатау ауданында 470-тен аса қылқан жапырақты ағаштар отырғызу жоспарланған.
Алматыдағы ең жас аудандардың Алатау ауданындағы аббаттандыру жұмыстары үнемі назарда. Биыл көгалдандыру жұмыстары бойынша ауданда 205 аула, 9 свер жөндеуден өтіп, 5 бос учаскі мен 2 жағалау аймақтары абаттандырылған. Ал 10 ықшамауданында жоба бойынша жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жұмыстары іске асырылған.
Сарапшылардың пікірінше, әкімдік қабылдаған шаралар ауаның газдануын бірнеше есе азайтуға және қала үстінде ілініп тұрған түтін бұлттарын таратуға көмектеседі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір