"Эврика" сауда үйінде экспромт-кездесу өтті. Тұтынушыларға үгіт жүргізуші Арал ауданынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Шүренов.

Ол әрбір сайлаушымен пікірлесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Үміктердің айтуынша «Nur Otan» партиясы сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында орта мектеп базасында 4 қосымша топтар ашу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға, аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, орта мектептерді кезең - кезеңімен жаңа модификацияланған пәндік кабинеттермен жабдықталуына назар аударып отыр.

Сондай-ақ Арал ауданы, Арал қаласында 200 орындық және 100 орындық интернатымен № 71 мектептің, Сексеуіл кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілетінін айтады.
Тұтынушылар үміткерге түрлі сала бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Солардың бірі саналы ғұмырын білім саласына арнаған ұстаз Лиза Жұбаниязова, жетекші партияның ілкімді істері көңілден шықты. Барлық сала қамтылған екен. Бұл жобалар ігілігін ел болып бірге көрейік, келешек ұрпақ білімді сауатты болып өсуі үшін бізде қолымыздан келгенше атсалысамыз деді.


Үміткер партия бағдарламасын жан-жақты түсіндірдіріп қана қоймай ел болып дауыс беруге шақырды.


"Nur Otan" партиясы Қызылорда облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір