• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:09:10
Алматы
+12°

Ақмола облысы Тарасов ауылдық округінің әкімі жол апатынан қайтыс болды. Ақпаратты өңір әкімдігі растады.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Атбасардан 20 шақырым жердегі Екатеринбург-Алматы автожолында болған.

"Тарасов ауылдық округінің әкімі 51 жастағы Мирасхан Мұратов Атбасар қаласынан Тарасовка ауылына қарай қызметтік "Нива" автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқан жолда жүк көлігімен соқтығысқан. Ауылдық округтің басшысы оқиға орнында көз жұмды" делінген хабарламда.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір