14 Желтоқсан, 2020 NEWS
Фото: Көрнекі сурет
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда соңғы тәулікте тіркелген коронавирус пен пневмония статистикасын жариялады.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 139 науқас жатыр. 21 828 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 240 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 747 адам жұқтырған, 7 науқас қайтыс болған. 17 адамнан пневмония анықталған.
2020 жылдың 13 наурызынан осы күнге дейін коронавирус инфекциясымен 142 325 адам ауырып, 2145 науқас қайтыс болған.
Осы жылдың 1 тамызынан бастап 43 952 адам пневмония жұқтырған, соның ішінде 464 адам қаза тапқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір