• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:12:03
Алматы
+12°

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Парыз» конкурсының үздіктерін марапаттады. Халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырушы кәсіпорындарды анықтауға бағытталған конкурс 2008 жылдан бастап республиканың барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл сайысқа облыстағы 28 кәсіпорын өтінім білдірген. qamshy.kzҚатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров төрағасы болып табылатын комиссия құрамы анықтаған. Нәтижесінде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» , «Үздік ұжымдық шарт» номинациялары бойынша «Қазхром ТҰК» АҚ филиалы Актөбе ферроқорытпа зауыты, «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы, «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС, «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС, «Қобда Жер» , «Смағұл» «Рассвет» «Қуан» ЖШС-гі шаруа қожалықтары жеңімпаз деп танылды. Оңдасын Оразалин өңірдің әлеуметін арттыруға, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ат салысқан кәсіпорын басшыларына ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен қаражылай сыйлық табыстады. qamshy.kzqamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір