• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:06:59
+12°

2019 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ  еншілес ұйымы – «Аграрлық несие корпорациясы » АҚ  несиелік портфелі - 37%, ал ауылшаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестициялар - 41% өсті. Бұл туралы Qamshy.kz сайтына экомикалық бақылаушы Сергей Домнин хабарлады.

«Сонымен қатар, негізгі капиталға инвестициялардың «білігі» шамамен 500 миллиардты құрайды, ал Aграрлық несие корпорациясы несиелік портфелінің өсімі шамамен 100 миллиардты құрайды. Бұл қаржы институтының рөлі айтарлықтай салмақты, әрі айқын екенін білдіреді», - деп атап өтті Сергей Домнин.

Экономикалық бақылаушы, мемлекеттік даму институттары қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің негізгі кредиторлары болып қала беретіндігін атап өтті. Сала кәсіпорындары жеңілдетілген мемлекеттік несие ала отырып, соның қайтарымы ретінде бәсекеге қабілетті өнім шығаратындығына және сол өнімдерімен экспортқа шығатынына назар аударуы керегін маңызды деп санайды Домнин.

Ranking.kz мәліметтеріне сүйенсек, соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығына инвестициялар жылына шаққанда орта есеппен 26,8% -ға өсіп отыр. Аграрлық несиелік корпорация саладағы инвестициялық белсенділікті арттыруда маңызды рөл атқарды, деп жазады бұл порталда. 2020 жылы ол 41,6 миллиард теңгеге – 48 инвестициялық жобаны, ал 2019 жылдың соңында 53 миллиард теңгеге – 117 жобаны қаржыландырды. Мұның бәрі нәтижесінде Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігінің артуына әсер етеді.

Домнин 2020 жылдың қыркүйек айына қарай елді 18 азық-түлік тобымен қамтамасыз ету жұмыстары «жасыл» аймақта болғанын атап өтті.

«12 топ бойынша меншікті өндірістің үлесі  өсті. Ал қалғандары бойынша біз ілгері дамудың жоқтығын немесе  нашарлағанын көреміз. Мысалы,  жарма, сүт өнімдері, балық өнімдерін өндірушілердің қарқыны жақсарды», - дейді ол.

Алайда статистика, Домниннің айтуынша, ұсынылатын өнімнің сапасы мен ассортиментін ескермей отыр. Статистика бойынша тіркелген «жасыл» аймақтағы тауарлық топтар үлесінің төмендеуі белгілі бір дәрежеде өнімнің кеңейтілген түрін көрсетеді.

Аграрлық несие корпорациясының 2019 жылғы есебінде, Қазақстанның етпен қамтамасыз етілуі 85 пайыздан асты деп көрсетілген. Қызыл ет , мысалға, сиыр еті үшін импорт 5% -дан аспайды және импортталған ет өнімдері тек ет өңдеу саласында қолданылады.

Aграрлық несие корпорациясының өнеркәсіп саласы үшін маңыздылығын Fitch агенттігі атап өтті. Ол көктемде компания рейтингін тұрақты болжаммен BBB- деңгейіне көтерді. Ондағы рейтингтердің жақсаруы «Аграрлық несие корпорациясының экономиканың стратегиялық маңызды бөлімінде жүзеге асырылып отырған» маңызды миссиясымен байланысты болды. Агенттіктің хабарлауынша, «ҚазАгро» активтерін шоғырландырғаннан кейін, Аграрлық несие корпорациясы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қол жетімді несиелендірудің басым көзіне айналып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір