27 Қазан, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Осы жылдың қыркүйек айында Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстанда GEFF-ті (Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы) іске қосты. Қазақстандық бизнес пен тұрғын үй секторын энергия тиімді модернизациялауда GEFF бағдарламасы бойынша ЕҚДБ қаржыландыруының жалпы сомасы 30 миллион АҚШ долларын құрады. GEFF бағдарламасы жасыл экономика мен жасыл технологияларға инвестиция құятын үй шаруашылықтары мен шағын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін гендерлік сипаттағы жасыл қаржыландыруды қолдауға бағытталған.
Бағдарлама 2023 жылдың сәуіріне дейін жалғасады. Бұл қаражат үй шаруашылықтары мен шағын бизнестің жасыл технология шешімдеріне инвестиция салуына бағытталған.
Қазақстандағы GEFF жобасының жетекшісі Оксана Булгакова айтқандай, бағдарламаға қатысу үшін жасыл технологиялар каталогынан энергияны үнемдейтін жабдықты таңдап, осы жабдықтың сапасын растайтын сәйкестік сертификатын алып, халықаралық қаржы орталығынан несие алу қажет. Тексеруден кейін сатып алушы несие сомасынан 10-15% немесе жабдықты несиеге сатып алу құнынан грант пен өтемақы алуға құқылы. Бұл ретте арнайы құрылған «Жасыл технологиялардың селекторы» бағдарламасында 15-тен астам санаттар мен жергілікті және шетелдік өндірістің 3 мың тауарлары, сондай-ақ оларды сатудың 500-ден астам нүктелері бар.
Бағдарламаға қатысудың артықшылығы: тұрғын үйді немесе бизнесті сапалы модернизациялау, несие арқылы 60 айға дейін қаржыландыру, бизнес объектісінің құнын арттыру және өтемақының 10-15% болуы. Өтемақыны өтеу сұраныс кезінде доллар бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстандағы ЕҚДБ Басқарушы директоры Агрис Прейманис:
- Жаңа «Жасыл экономиканы» қаржыландыру бағдарламасының іске қосылуы көптен күткен оқиға. Бұл 27 елдің, сол елдердегі 145-тен астам қаржы институттарының қатысуымен және 4,6 миллиард еуро инвестицияларын қамтитын ЕҚДБ-нің жасыл жобасының бір бөлігі. GEFF жобаларынан CO2-дің әлемдегі жыл сайынғы үнемдеуі қазірдің өзінде жыл сайын 8,6 миллион тоннадан асады. Жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасын (GEFF) іске асыру үшін біз екінші деңгейлі банктарды да, микрокредиттік ұйымдарды да тарттық, олар кәсіпорындарда жасыл технологияларды енгізуге немесе тұрғын үйді жақсартуға несие береді. Бағдарламаның белсенді кезеңінде бірнеше мың жасыл жобалар жүзеге асырылады деп үміттенеміз. Жаһандық экологиялық қорға, сондай-ақ Австрия үкіметіне (Австрия Қаржы министрлігі) және Еуропалық Одаққа берген қаржысы үшін алғыс айтамын, - деді.
Жаһандық экологиялық қордың (GEF) өкілі Мин Янгтың айтуынша, GEF Қазақстан үшін 72 жобаны қаржыландыруға 800 миллион долларға жуық грант бөлген. Гранттық қаражаттың, ЕҚДБ мен басқа да мүдделі тараптардың арқасында 12 жобаға шамамен 70 миллион доллар тартылған. Энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері, жасыл көлік және қалдықтарды басқару сияқты салаларда жасыл экономика саласындағы 7 жоба мен бағдарлама іске қосылды. Қордан жиналған 24 миллион доллардың арқасында жасыл экономика саласындағы жобалардың инфрақұрылымын реформалау мүмкіндігі туды. Осы жобаларды іске асыруға Қазақстаннан бірлесіп қаржыландыру түрінде шамамен 80 миллион доллар бөлінді.
ЕҚДБ өз қызметі аралығында Қазақстанда жалпы инвестициясы 8,6 миллиард евро болатын 276 жобаны жүзеге асырды.
KMF («KazMicroFinance») микроқаржы ұйымы 5 миллион долларға баламалы несие желісін алған, ол қаржы ұйымдары арасындағы алғашқы жергілікті серіктес болды. Ел бойынша мыңдаған үй шаруашылықтары мен отбасылық шағын және орта кәсіпорындар (ШОБ), шағын ауылдар мен шалғайдағы ауылдарды қоса алғанда, GEFF бағдарламасынан үйлерін және бизнестерін модернизациялау мүмкіндігін пайдалана алады. Қазақстандағы GEFF бағдарламасы бойынша несиенің орташа мөлшері шамамен 1500 долларды құрайды.
Қаржыландыруға өнімділігі жоғары жабдықтар мен технологиялардың 15 санаты бойынша шешімдер кіруі мүмкін, олар: әйнектеу, жылу оқшаулау, жарықтандыру, көлік, күн сәулесіндегі фотоэлектрлік панельдер, жердегі жылу сорғылары және суды тиімді суару жүйелері және т.б.
Тұтынушылар «Жасыл технологиялар селекторын» қолдана алады, бұл бағдарламаға енгізілген қазақстандық және халықаралық технологиялар мен жабдықтардың ғаламдық тегін каталогы, сондай-ақ аталмыш селектор Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына, әлемдік стандарттарға және GEFF бағдарламасының өлшемдеріне сәйкес келеді.
Австрияның Федералдық қаржы министрлігі жобаға техникалық көмек көрсетеді. Еуропалық Одақ «Жасыл технологиялар селекторын» жылжытуды қаржыландырды. Дүниежүзілік экологиялық қор 3,5 миллион АҚШ доллары көлемінде өтемақы төледі.
GEFF бағдарламасы Қазақстанда дамуы арқылы өзге де көрсеткіштердің өсу мүмкіндігі бар – нарықтағы энергия тиімді технологиялар саны.
Қазір «жасыл технологиялардың селекторында» Қазақстанда 15 негізгі санаттан 2800-ге жуық позиция бар. Қазақстандағы GEFF бағдарламасына энергия үнемдейтін өнім өндірушілер мен жеткізушілер қатыса алады. Сондай-ақ Қазақстандағы GEFF бағдарламасы әйелдер мен еркектерге жасыл технологияларды қаржыландыруға қол жетімділіктің тең мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған гендерлік әрекеттерді қолдайды.
Қазақстандағы GEFF бағдарламасы тұрғын үй мен бизнестегі энергия тиімділігіне бағытталған бірнеше мың жасыл жобаларды қаржыландырады деп жоспарланып отыр, бұл жылдық энергия тұтынуды 150 000 ГДж-ға және CO2 шығарындыларын жылына 40 000 тоннаға төмендетуге әкеледі.
Оның арқасында жасыл технологиялар ірі кәсіпорындарға ғана емес, шағын бизнес пен үй шаруашылықтарына да қол жетімді болады. Іс жүзінде бұл жеке бизнестің де, Қазақстан Республикасының азаматтарының да өмір сүру және жұмыс істеу жағдайындағы жайлылық деңгейін де едәуір арттыра алатындығын, сондай-ақ қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді енгізу арқылы ақша мен ресурстарды үнемдей алатындығын білдіреді.
Қазақстан – ЕҚДБ өзінің жасыл экономиканы қолдау бойынша өзінің GEFF ғаламдық бағдарламасын жүзеге асырып жатқан 27-ші мемлекет, сонымен қатар әлемдік COVID-19 пандемиясының қиын жағдайында бағдарлама іске қосылған бірінші мемлекет болады. Алайда, дәл қазір энергия үнемдейтін технологиялар қаншалықты әсер ететінін, бизнестің бәсекелік артықшылықтарын қалай арттыратындығын және оның жалпы ел экономикасына қаншалықты әсер ететінін анық көруге болады. Германия, Испания, Италия және Франция сияқты он үш еуропалық мемлекет, COVID-19 салдарын еңсерудегі Жасыл келісімнің маңыздылығын жариялағаны таңқаларлық жайт емес. Бұл ЕО-ның жаңа өсу стратегиясы болып табылады, мұнда экономикалық ынталандыру және жұмыс орындарын құру барлық салаларды қамтитын жасыл экономикаға жеделдетілген көшуге негізделген.
Бағдарлама жұмыс істейтін 27 елдің әрқайсысында ЕҚДБ-нің қаржылық серіктестеріне несиелік желілерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні мұндай серіктестердің саны әлем бойынша 145-тен асады.
Соңғы жылдары Қазақстан жасыл технологияларды енгізу және осы мақсаттарға инвестицияларды тарту бойынша ұзақ жолдан өткенін атап өткен жөн. 2013-2019 жылдар аралығында ЕҚДБ Қазақстан Республикасындағы жасыл жобаларға 1,3 миллиард еуро инвестициялады, оның 364 миллион еурасы жаңартылатын энергия көздері жобаларына бөлінді.
Еркежан Арын
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір