• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:37:49
Алматы
+12°

10 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар

"Еске алудың өзі ауыр": Карантиннен кейінгі Ухан (видео)

Коронавирус инфекциясы алғаш Уханда шығып, әлемге тарады. 4000 адам коронавирустан қайтыс болды.

Фото: nytimes.com

Уханда бір айда бір де бір коронавирус жағдайы тіркелмеді. Ухан тұрғындары қалыпты өмірге оралды. Базарда сауда жасап, далаға шығып, таза ауада қыдыра алады. Коронавирус инфекциясы алғаш Уханда шығып, әлемге тарады. 4000 адам коронавирустан қайтыс болды.

30 жылдық тәжірибесі бар шаштараз  «қалада  вирус өршіп тұрған уақытты еске алудың өзі ауыр» деп көзіне жас алды.

– Карантин басталғанда сән салонымды жабуға тура келді. Ақшадан қиналғандықтан ғимаратты жалға беруші бір айдың ақшасын төлемеуге рұқсат берді. Карантин кезінде әріптестеріммен бірігіп ерікті ретінде адамдардың шашын тегін қидық. Мен 2000 адамның шашын қидым. Оның арасында медицина қызметкерлері көп. Олардың шашын қиғанда коронавирустан қорғайтын киімнен бастарына із қалғанын байқадым. Бұны көргенде көзіме жас келді. Ауруханада жұмыс істейтін қызметкерлердің шашын қию қауіпті еді. Қорыққаным да рас. Инфекция жұқтырмай жолым болды. Отбасыммен тұратындықтан әйелім балалар үшін қорықты. «Тағы сыртқа шығатын болсаң полицияға хабарласамын» деді. Мен жатақханаға көшуді ұйғардым. Үйден шығып, әйелім есікті жапқанда көз жасыма ерік бердім. Бірақ шаштараз ретінде қолымнан келгенше көмектесу міндетім еді, –  деп еске алды.

Шаштараз арнайы киім киіп, таза ауада жұмыс істеген. Шашын қиған әр дәрігер оның киіміне қолтаңбасын қалдырып отырған. Оның айтуынша, халық үшін қиын сәтте жасаған жақсылығының арқасында жұмысы алға басты. Қазір оның салонына халық бұрынғыдан да  көп келеді. Кәсібі жұмыс осы қарқынмен жүрсе, 2021 жылы салонның филиалын ашу ойында бар.

Кәсіпкерлердің барлығының бірдей дәл былай тасы өрге домаламады. Кәсіпкерлер тұтынушылар саны аз болғандықтан тауарын арзанға сатуға мәжбүр.

Уханда 8 сәуірде карантин жарияланды .2 мамырда мекемелердің ашылуына рұқсат берілді. Десе де қала билігі коронавируспен күрес әлі аяқталмағанын айтады. Ухан тұрғындары 76 күн карантинде отыруға мәжбүр болған. 4000 адам коронавирустан қайтыс болды.

Hot-Dry Noodles  мейрамханасының директоры Уанг Юлиан локдауннан кейін мейрамханаға адамдар әлі де көп келмейтінін айтады.

– Адамдар әлі де қорқады. Біз ақшамызды жоғалтып жатырмыз. Мәселен, қазір жаңбыр жауып тұр. Сәйкесінше адам қарасы да аз. Бұрын көмекші жалдауға мүмкіндігім болмағанда өзім 20 сағат жұмыс істейтінмін. Мен балаларымды аяқтандыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, – дейді Уанг Юлиан.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір