• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:25:34
Алматы
+12°

Ақмола облысының бас санитар дәрігері "Ақмола облысының аумағында карантин шараларын одан әрі күшейту туралы" 2020 жылғы 26 қарашадағы №224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес:

– азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу;

– шұғыл жағдай бойынша медицина мекемесіне баруды қоспағанда, барлық тұрғындарға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін шықпау ұсынылады.

Санитар бекеттерінен (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар–тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медицина мекемелерінің жолдамаларын, редакциялық тапсырмаларды, сондай-ақ жеке куәліктерін көрсеткен кезде) мына тұлғаларға кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етіледі:

– медицина көрсеткіштері бойынша кіретін және шығатын адамдар;

– транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары;

– вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары;

– COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көліктер мен адамдар, ұйымдар;

– тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар), көліктер мен адамдар, ұйымдар;

– STOPCORONA.KZ сайтында тіркелген, қосымша ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 30 тәуліктен аспаған анықтама болған жағдайда Ақмола облысында тұрмайтын адамдар, тамақ өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, көліктер мен адамдар;

– осы елді мекенде тіркелген жағдайда, тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрғындары;

– жұмыс орнын және растайтын құжаттарды қоса отырып, сондай-ақ аса қажет болған жағдайларда кіру және шығу себептерін міндетті түрде көрсете отырып, STOPCORONA.KZ сайтында тіркелген жағдайда Зеренді ауданының жақын елді мекендерінің тұрғындарына Көкшетау қаласына/қаласынан кіруге/шығуға рұқсат етілсін. Көкшетау қаласында тұрақты жұмыс істейтін адамдарды қоспағанда, сайтта қайта тіркелу мүмкіндігімен 7 күннен асырмауға рұқсат беріледі.

– COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 5 тәуліктен аспаған анықтама немесе хаттама болған жағдайда облыстық медициналық шақыру комиссиясына баратын/оралатын жергілікті әскери басқару органдарының көлігі мен қызметкерлерін (іссапар куәлігі немесе іссапарға жіберу туралы бұйрық болған кезде), олармен бірге жүретін әскерге шақырылушыларды;

– аумақтың сайлау комиссияларының өкілдеріне қызметтік куәлігін көрсеткен кезде (жүргізуші ретінде бірге жүретін адамға рұқсат етіледі);

– жұмыс орнын көрсете отырып, STOPCORONA.KZ сайтында тіркелген жағдайда туризм объектілерінің, жол бойы сервисінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы іс-шараларына, құрылыс жұмыстарына тартылған көліктер пен қызметкерлер.

Қаулыға сәйкес:

– келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда, алаңы 500 шаршы метрден кем (жеке тұрған) азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:30-ға дейін;

– келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, алаңы 500 шаршы метрден кем сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20:30-ге дейін шектеледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір