• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:01:37
+12°

Білім және ғылым министрлігінде қазақстандық мұғалімдердің орташа есеппен қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ведомствода хабарлағандай, Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, білім беру саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2020 жылдың II тоқсанында 184,4 мың теңгені құрайды. 2019 жылы бұл сома 126,1 мың теңге болған.

Сондай-ақ министрлік мұғалімдердің жалақысы неге байланысты екенін айтты.

Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу төмендегі сатылар бойынша анықталады:

♦ білім деңгейі,
♦ біліктіліктің болуы,
♦ жұмыс өтілі,
♦ еңбек жағдайлары,
♦ орындалатын жұмыс көлемі,
♦өтемақы және ынталандыру сипатындағы үстемеақылар мен қосымша ақының болуы (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін және т.б. қосымша ақы).

Сонымен қатар, ведомствода мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы ұйымның бірінші басшысы бөлетін және аптасына нормативтік жүктемені ескере отырып айқындалатын оқу жүктемесі негізінде есептелетіні атап өтілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір