20 Қараша, 2020 NEWS
Фото: informburo.kz
Алматы горнизонының әскери сотында Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан жеті адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайты.
Сайт мәліметінше, олар әртүрлі мерзімге қамалып, сотталғандардың әрбірі зардап шеккендердің қорына 20 АЕК көлемінде ақша аударып беруге міндеттелген.
Қазақстанның әскери соты ақпан айында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздік бойынша бұрын сотталған азаматтардың апелляциялық шағымын қараған.
Қыркүйек айының соңында Алматы гарнизонының әскери соты тәртіпсіздікке қатысқан жеті адамға қатысты шешім шығарды. Олар әртүрлі мерзімге қамалған. Ресми мәліметке сәйкес, Қордай ауданы Алматы горнизонына қарайды. Сотталған бір азамат әскери қызмет атқарған. Сол себепті осы қылмыстық істер әскери сотта қаралды.
Сотталғандар апелляциялық шағым берді, оны әскери сот қарады. Нәтижесінде олардың төртеуіне қатысты үкім жеңілдетілді. Бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды.
Қалған үш сотталушыға қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Өйткені өтемақы төлемеген және олар қылмысты қайталаған.
Апелляциялық инстанция шешім шығару кезінде зардап шеккендердің төрт сотталған адамға қатысты жазаны жеңілдету туралы пікірін, мемлекеттік айыптаушының ұстанымын, іс бойынша жеңілдететін мән-жайлардың болуын, жаппай тәртіпсіздіктер барысында әрбір сотталған адамның жеке-жеке іс-әрекетін назарға алған.
Еске салсақ, 7 ақпанға қараған түні Жамбыл облысы Қордай ауданының қазақ және дүнген тұрғындары арасында жаппай төбелес болған. Оқиға салдарынан 11 адам көз жұмды. Өрт болып, салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар, автокөліктер бүлінген. Кейіннен 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды. 1000-нан аса адам қатысқан жаппай тәртіпсіздіктен 780 отбасы зардап шеккен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір