19 Қараша, 2020 NEWS
Фото: qamshy.kz
Тарих ғылымдарының докторы, профессор және еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанның этнографиясы бойынша еңбектердің авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, ғылым академиясының құрметті академигі Уахит Шалекенов 96 жасында Алматыда қайтыс болды, деп хабарлады zakon.kz сайты.
Ғалымның қазасы туралы ақпаратты Асфендияров атындағы ҚазҰМУ растады.
Уахит Шалекенов Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылында 1924 жылы дүниеге келген.
ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан, Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын (1948, қазіргі Нөкіс мемлекеттік университеті) бітірген. Қарақалпақ облыстық партия комитетінде дәріскер (1948–195]), КСРО ғылым академиясының Этнография институтында аспирант (1950–1953), Өзбекстан ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі (1953–1970), Шымкент мемлекеттік мәдениет институтында кафедра меңгерушісі (1970–1972) болған. 1973 жылдан ҚазҰУ-да декан, кафедра меңгерушісі болды.
700-ден астам ғылыми мақаласы, 30 монографиясы бар, бірнеше оқу құралының авторы болған. "Қызыл Жұлдыз", 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір