• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:49:47
Алматы
+12°

Армения астанасы Ереванның тәуелсіздік алаңында тағы митинг өтті. Наразы топтың талабы өзгерген жоқ. Олар премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кеткенін қалайды. Бұл туралы ria.ru хабарлады. 

Пашинян кетуі керек, өйткені оның жеңіл-желпі басқаратын билігі кезінде біз жағдайды өзгерте алмаймыз. Біздің ел енді еңсесін тіктей алмайтын болды, – деді оппозициялық "Дашнакцутюн" партиясының өкілі Гегам Манукян.

Акцияға сәрсенбіде  "Заңмен белгіленген тәртіпті бұзатын жиындарды өткізу және ұйымдастыру" бабы бойынша  арнайы тергеу қызметіне шақырылған оппозиция жетекшілері қатысуда. Бұл бап бойынша ең жоғары үкім – екі ай көлемінде қамауға алу.

Митингке мыңдаған адам келді. Полиция мерзімді түрде наразылықты тоқтатуға шақырды, өйткені елдегі әскери жағдайға байланысты митингке тыйым салынған.

Бұған дейін, Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ үшін болған 44 күндік соғыста армян күштері 2,3 мыңнан астам әскерінен айырылғаны хабарланған. 10 қараша күні Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойған. Сол келісім жасалған күннен бастап Арменияда наразылықтар мен қызу пікірталастар жалғасып келеді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Армения Пашинян

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір