18 Қараша, 2020 Барлық аймақтар
Жаңа Зеландия полициясы хиджап форманы таныстырды
Жаңа Зеландия полициясы мұсылман әйелдерге арналған форма дайындауды 2018 жылы бастаған.
Фото: Instagram/New Zealand
Жаңа Зеландия полициясы орамал тартатын мұсылман әйелдерге арналған жаңа форманы таныстырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-сілтеме жасап.
Констэйбл Зайна Али (Constable Zeena Ali) жұмысқа жақында қабылданды. Ол жаңа форманы киетін бірінші офицер болмақ. Бұған дейін де бірнеше елде хиджап форма жасау ұсынылған. Мәселен, 2006 жылы Британияда Лондон полициясы хиджап формасын жасауды ұсынды. 2004 жылы Аустралияда Маха Шухар (Maha Sukkar) жұмысқа хиджап киген.
Жаңа Зеландия полициясы мұсылман әйелдерге арналған форманы дайындауды 2018 жылы бастаған. Констэйбл Зайна Али хиджапты форма ретінде бекітуді сұраған және оны дайындау жұмысына қатысқан.
Констэйбл Зайна Али Фиджиде дүниеге келген. Бала кезінде Жаңа Зеландияға ата-анасымен көшіп келген. Зайна шіркеудегі террорлық әрекеттен кейін полицияда жұмыс істеуге бел буады.
– Адамдарға қолдау білдіру үшін полицияда мұсылман әйелдердің қатары көбеюі қажет. Жаңа Зеландия полициясының хиджап формасымен жұмыс істеуі – ғанибет. Мұсылман әйелдер бұны көргеннен кейін полицейлер қатарына қосылғысы келеді деп ойлаймын, – дейді Зайна.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір