• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:07:53
Алматы
+12°

Фото: Жанболат Ағаділдің парақшасынан

Журналист Михаил Козачков telegram-да азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділдің қазасына байланысты істің барысы туралы ақпарат жариялады. Ақпараттық хабарламада адам өліміне соқтырған жағдайдың барысы баяндалған.

Журналист Михаил Козачковтың telegram-дағы жазбасының скриншоты

Ақпаратта 2020 жылғы 6 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданы Болашақ көшесі №28 үйдің маңында Ә.А.Аманжолов пен А.Е.Жұмақан ортақ таныстары Д.С.Глашева үшін сөзге келіп қалғаны жазылған.

"Осы күні сағат 23 шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапбек ауылындағы "SinOil" жанармай құю бекеті маңында Ә.А.Аманжолов және оның достары Д.Ж. Қаллимов, Д.С.Баухан, И.М.Смағұлов кикілжің бойынша С.Е.Асболат, А.Е.Жұмақан және М.А.Садықпен кездескен. Шамамен 25 минуттан кейін аталған жерге Ж.Д.Ағаділов келген.

Кездесу кезінде Ә.А.Аманжол Е.А.Жұмақаннан кешірім сұрап, жанжал осымен шешілген.

Алайда қарашаның 11 күні Ә.А.Аманжолдың сыныптасы Ф.Сагитов "ВКонтакте"-дегі ортақ топқа С.Е.Асболатпен инстаграмда болған екеуара әңгіменің скриншотын жариялаған. Ол жерде 6 қарашада "Ә.А.Аманжол кездесуде жылап, кешірім сұрады" делінген. Бұл Ә.А.Аманжол сыныптастарын ашуландырған.

Сол күні сағат 17 шамасында Ә.А.Аманжолов арадағы жанжал бойынша С.Е.Асболатпен Болашақ көшесі бойындағы №28 үй жақта кездеспек болған. Екі тарап та таныс балаларын әкелетінін айтқан.

21:30-да белгіленген жерде Ә.А.Аманжолов жағынан 25 адам (оның ішінде Жанболат Ағаділ де бар) С.Е.Асболат жақтан келген 7 адаммен кездескен. Кездесу төбелеске ұласып, Ә.А.Аманжолов С.Е.Асболаттан алған соққыдан есінен танып қалған. Есін жиғанда сол қолында пышақ ұстап, өзіне төніп келе жатқан С.Е.Асболатты көрген. Ә.А.Аманжолов қорыққанынан қашқан. Қашар алдында үстіне қан жұққан Ж.Д.Ағаділовтың жерде жатқанын көрген.

Кәмілетке толмаған 2003 жылғы И.Смагуловтан алынған жауапқа сәйкес, С.Е.Асболат Аманжолды ұрып, соңғысы қашқаннан кейін, Ө.С.Рахмет Ж.Д.Ағаділовтың денесін пышақпен соққылағанын, Ағаділовтың жерге құлағанын көрген. Артынша Ө.С.Рахмет И.Смағұловқа қарай жүгірген. Сондай-ақ А.Е.Жұмақанның қолынан пышақ көрген.

Жанжал қатысушыларына қатысты сот-медициналық сараптама жүргізіліп, төбелес кезінде ұстаған заттар алынған.

Жанболат Ағаділов тарапынан 8 адамнан (Ә.А.Аманжолов, С.Нығмет, И.Смағұлов, Д.Қаллимола, Ф.Сағитов, Р.Амангельдинов, А.Ботаев, С.Кеңесбек)  жауап алынған. Олардың бәрі Талапкер ауылының тұрғындары.

Күдікті жақтан 7 адамнан (Е.Е.Садыхан, С.Асболат, М.А.Сыдық, О.А.Асхат, Құрмет Мақпал, ұсталмаған Ө.С. Рахмет және А.Е.Жұмахан) жауап алынған.

Ақпараттық хабарламада бойынша жәбірленуші тараптың берген жауабына сәйкес, қарсы жақтан жанжалға белсенді қатысты делінген Ө.С.Рахмет пен А.Е.Жұмақанның тұсындағы ұсталмаған деген жазу, қаламмен ұсталған дегенге өзгертілген.

"Келдірілген дерекке негізінде 293-баптың 3-бөлімі (пышақ қолдану арқылы бір топ адам жасаған бұзақылық), 99-баптың 2-бөлімі (бұзақылық әрекетен туған адам өлімі) бойынша екі қылмыстық іс тіркелген" делінген хабарламада.

1

2

3

11 қарашада күні Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділді пышақтап өлтіріп кеткені хабарланды.

Мәйітті көруге кірген марқұмның ағасы Таңат Жалмағамбетов  Жанболаттың денесінен пышақ жарақатының іздерін көргенін айтқан

12 қарашада ішкі істер министрлігі тергеу департаменті Жанболат Ағаділдің өліміне қатысы бар делінген күдіктілер ұсталғанын мәлім етті.

Артынша әлеуметтік желіде Жанболат Ағаділге "төбелес кезінде абайсызда пышақ ұрдым" деген адамның видеосы тараған. Ұзамай видеодағы адам шынымен де күдікті екені анықталған. Алайда күдіктінің мүгедек анасы "баласына таныстары жала жауып отыр" деп санайтынын айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір