• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:43:18
Алматы
+12°

13 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Қытай лагерінде отырғандарды жұмысқа жеккен Синьцзянда шу шықты (видео)

Volkswagen-ді сынаушылар компанияның тарихын алға тартып, оның моральдық тұрғыда мұндай қадамға бармау керектігін айтады.

Фото: dw.com

Синьцзян адам құқығын аяққа таптаған аймақ ретінде белгілі. Осыған қарамастан Volkswagen (VW) Синцзянда жұмысын жалғастырмақшы, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Қытай мойындамаса да мыңдаған ұйғыр мен басқа да Қытай лагерінде отырған аз ұлт өкілдері өз еркінен тыс ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болғаны туралы дәлелдер бар.

Volkswagen-ді сынаушылар компанияның тарихын алға тартып, оның моральдық тұрғыда мұндай қадамға бармау керектігін айтады. Германияның нацистер партиясы Volkswagen компаниясын 1937 жылы құрған және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде түрмеде отырғандар мен лагерьге қамалғандарды ауыр жұмыс істеуге мәжбүр еткен.

Аталмыш компанияның Қытайдағы басшысы Стефан Валленштейн (Stephan Wollenstein) BBC-дің Қытайдағы бөліміне берген сұхбатында, Синьцзян астанасы Үрімжіде Volkswagen компаниясының жұмыс істейтінін қолдайтынын айтты. Онда 600 жұмыскер еңбек етеді, жылына 20 000 көлік жасайды.  

"Нази уақытында адамдарды фабрикада жұмыс істеуге мәжбүрледі. Қазір біз ешкімді өз еркінен тыс қара жұмысқа салмаймыз. Адамды қанауға жол бермеуін арнайы тексереміз" дейді Стефан Валленштейн. Алайда журналист одан "компания жұмыскерлерінің 25%-ы ұйғырлар лагерінен келмегенін нық сеніммен айта аласыз ба?” деп сұрағанында, директор "Жоқ" деп жауап берді.

"Біз компанияның жұмыс процессін жіті бақылаймыз. Оның ішінде жұмысқа алынған адамдарға дұрыс қарым-қатынас орнатуын қадағалаймыз. Бұл біздің жұмыс стандартына жат әрекетті болдырмауға көмектеседі. Десек те ешқашан 100% сенімді бола алмаймыз" деді ол.

Еуропа парламентінің және Volkswagen-нің штаб пәтері орналасқан Төменгі Саксон штатындағы Германия парламентінің мүшесі Виола фон Крамон-Таубадел (Viola von Cramon-Taubadel) аталмыш компанияның Қытайдағы басшысының берген жауабына қанағаттанбады. Ол еңбек күшін пайдаланатын лагерь мен компанияның арасында байланыс болу мүмкіндігін мүлде қарастырмайтындай толық сенімді болуы керектігін айтады.  

VW өзін ақтауға тырысқанымен оны сынаушылардың легі толастар емес. Ол орынды да. Себебі Синьцзянда зауыт ашса, Қытай билігінің келісімін алып, олармен бірлесіп шешім қабылдауға тура келеді. Сонымен қатар аталмыш аймақта зауыт ашу арқылы Қытайдың жүргізіп отырған саясатын үнсіз қолдайтынын білдіреді.

Спутник деректері мен куәгерлер лагерь салынып жатқанын және фабрикада адамдарды жұмысқа мәжбүрлеп отырғанан дәлелдейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір