• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:42:21
Алматы
+12°

ҚР Құтқарушылар күніне 25 жыл толуына орай Алматыда екі өрт сөндіруші бөлімінде қайтыс болған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Салтанатты шара барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров бастаған гарнизон қызметкерлері қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

«Бүгінгі күн - нағыз батырлардың мерекесі. Олар қиындыққа тап болған адамдардың соңғы үміті десек те болады»,- деді департамент басшысы.

Жыл басынан бері өрт сөндірушілер мен құтқарушылар төтенше жағдай аймағынан 150 адамды қауіпсіз жерге алып шыққан. 400 өрт сөндіріліп, 27 адамның өмірі құтқарылды.

Алматы тарихында қалған ең үлкен өрт 1989 жылдың 20 мамырында болған.

Алматы II темір жол стансасында сұйылтылған газдың екі цистернасына жиһаз тиелген темір жол вагондары келіп соғылған еді. Өрттің соңы жарылысқа ұласты.

Өртенген алып шардың ішінде 9 өрт сөндіруші өмірімен қош айтысты:

  • Шәріпов Фрид,
  • Аққұлов Құралхан,
  • Сафаргалиев Ильшат,
  • Никуленко Владимир,
  • Абдранов Ислам,
  • Қасымов Расул,
  • Маликов Михаил,
  • Әлімтаев Сейіл,
  • Ысқақов Еркін.

Өрт сөндірушілердің ерлігінің арқасында тілсіз жау басқа газ цистерналарына жайылмады.

1990 жылы 3 қаңтарда Алматы гарнизоны ішкі қызмет сержанты Балабек Ахмедовтан, 2002 жылы Павел Голядкиннен айрылып қалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір