• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:46:39
Алматы
+12°

Армения астанасы Ереванда 11 қарашада Арменияның 17 оппозициялық партиясы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған премьер-министр Никол Пашинянға қарсы митинг өткізуді жоспарлап жатыр. Осы жағдайға байланысты Никол Пашинян Ереваннан қашып кетуге әрекет жасаған. Day.Az сайты хабарлағандай, әлеуметтік желілерде  армян әскерлерінің аналары оның елден қашып кетуіне жол бермеуге тырысып жатқан видеосы тарады.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойған еді. Армениядағы оппозиция өкілдері бұл келісімді "біздің тарихтағы ең ұятты парақ"  деп атаған.

"Майданда жер мен мемлекеттілікті қанымен қорғаған жауынгердің және біздің артымыздан ұлтқа қарсы келісімге қол қойылды. Қазіргі жағдайда біздің бірлігіміз өте қажет. Ертең, 11 қараша, сағат 13.00-де (Астана уақытымен 15.00 – ред.) біз жиналыс өткіземіз. Бостандық алаңында біз сізге қазіргі жағдай туралы айтып береміз" делінген Дашнакцутюн партиясының сайтындағы хабарламады.

Оқи отырыңыз:

"Пашинян – сатқын". Арменияда митинг өтті (видео)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір