• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:37:25
+12°

Шымкент қалалық «Nur Otan» филиалының кезектен тыс конференциясы кезінде Мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды. Сонымен қатар, қалалық сайлауалды бағдарламасы да бекітіліп, партияның ХХ съезіне қатысуға делегаттар сайланды.

Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлес саны 3 есе артты – 11-ден 30% -ке дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар - 0-ден 20% -ға дейін . Үміткерлердің орташа жасы 49-дан 44 жасқа дейін төмендеді. Қызметтегі депутаттардың ішінен 8 адам ғана жаңа тізімге енгізілген.

Тізімдегілердің көпшілігі – шағын және орта бизнес өкілдері – 30%, білім саласы – 17%, үкіметтік емес ұйымдар – 12% және т.б.

Конференция барысында Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтті. 8 үміткердің ішінен партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы қалалық өкілдік квотасына сәйкес 4 үміткерді таңдады.

Парламенттің төменгі палатасының қызметтегі депутаты Берік Оспанов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, кәсіподақ төрағасы Берік Бекжанов және мектеп-интернат директоры Жадыра Таңатарова ең көп дауыс жинады.

Филиал төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, праймериз кезінде тұрғындардан түскен 685 ұсыныстың 98% Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты.

«Халықтың негізгі мәселелерін ескере отырып, біз қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуына қажетті 10 басымдықты белгіледік. Қала тұрғындарының қолдауымен бағдарламаның толық жүзеге асатынына сенімдімін», – деді ол.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдардың конференциялар кестесін жариялаған болатын, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға және әр өңірден Мәжілістің партиялық тізіміне үміткерлер анықталатын болады.

Сонымен, 11 қарашада Алматы қаласында, 12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында, 16 қарашада Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында, 17 қарашада Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында конференция өтеді.
Қалалық және облыстық конференциялардағы үміткерлер арасындағы дебаттар екінші деңгейдегі праймериз шеңберінде өтіп жатқанын атап өткен жөн.

Партиялық ішкі іріктеудің бірінші кезеңіне 10 мың кандидат қатысты. Оның 37% - әйелдер, 29% - 35 жасқа дейінгі жастар. Егер бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 30%- ұсынылған болса, 70% өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттардың орташа жасы 43 жасты құрады. Сонымен бірге 662 мыңнан астам партия мүшесі дауыс беруге қатысты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір