07 Қараша, 2020 Барлық аймақтар
Гватемаланы су басты
Гватемалада төтенше жағдай.
Фото: BBC.com
Гватемалада нөсер салдарынан көшкін болып, үйлерді су басты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Гватемала президентінің айтуынша, Альта Верапез орталығында 100-ге жуық адам қайтыс болған. Бұған дейін ел бойынша көшкін салдыранан 50 адам қайтыс болғаны айтылған. Президент жағдайдың қиын екенін мәлімдеді.
Қолайсыз ауа-райы салдарынан құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға соғуда. Көше ағаш пен қираған үй үйіндісімен жабылған, көпірлер құлаған. Халық байланыссыз қалды. Қазір мыңдаған адам үйлерінің шатырында көмек күтіп отыр. Су деңгейі қатты көтеріліп, терең болғандықтан, адамдар өз бетінше қауіпсіз жерге бара алмай отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір